Select Page

Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы ұйымдастыруымен өткен “Жүз жол – біреуі сенікі” атты ашық есік күніне Ақтау ALT көлік колледжі қатысып, 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында оқушыларға колледж мамандықтары таныстырылып, болашақ кәсіпті дұрыс таңдаудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, білім беру мүмкіндіктері мен студенттік өмір туралы ақпараттар беріліп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды

Skip to content