Select Page

Білім беру бағдарламалары

Білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсаттарын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені.

Білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұны:

  • Техникалық және арнайы пәндердің мазмұнын және оқу-өндірістік жұмыс түрлерін сипаттаумен дәстүрлі пәндік-циклдық тәсілден ерекшеленеді;
  • Бір мамандық бойынша білім беру бағдарламасы мен оқу жоспары аясында бірнеше құзіреттіліктерді алуға бағытталған:
  • Жалпы кәсіптік, арнайы пәндер мен өндірістік оқытудың мазмұны нақты еңбек функцияларына бағытталған оқыту нәтижелерінде базалық кәсіптік және кәсіптік модульдер көрсетілген;
  • Жеке модуль шегінде кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру шеңберінде білім іскерлікті кешенді меңгеру жүзеге асырылады;
  • WorldSkills құзіреттіліктеріне халықаралық талаптар (білім, білік және нақты дағдылар) бар;
  • Құзіреттілік бойынша Оөыту нәтижеклері мен оқу жетістіктерін бағалау критерийлері таңдалған мамандық бойынша WorldSkills құзіреттілігінің талаптарын ескереді.

Осы білім беру бағдарламасын дайындау кезінде модульдік-құзіреттілік тәсілдемеде білікті жұмысшы кадрлар мен мамандары даярлау бойынша модульдік оқытуды енгізу қажеттілігі негізінде мынандай түйінді анықтамалар пайдаланылды.

Кредит-біліктіліктегі оқыту нәтижелерінің жалпы салмағының немесе біліктіліктің жеке компонентінің сандық көрінісі;

Кредиттік-модульдік жүйе- модульдік және кредиттік оқыту технологиясының бірлігіне негізделген оқу процесін ұйымдастыру моделі;

Модульдік оқыту бағдарламасы-бір мамандық аясында кәсіптік қызметтің белгілі бір түрлерін орындауға қажет білімдер, біліктер мен құзыреттерді игеруге бағытталған білім беру бағдарламасының бір бөлігі;

Модуль-білім беру бағдарламасының тәуелсіз, толыққанды және тұтас бөлімі;

Жұмыс оқу бағдарламасы-техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы типтік оқу бағдарламасы негізінде нақты пән, іс-тәжірибелер, оқу қызметінің өзге түрлері (модульдер) үшін дайындайтын құжат;

Модулдік бірлік-бұл бөлінуі мүмкін еңбектің басы мен аяғы болатын, белгілі бір кәсіпте еңбектің қисынды қолайлы бөлінісі, бұдан әрі мұның нәтижесі өнім, қызмет немесе жұмыстың бір бөлігі (жұмысшы  операция) болады-ХЕҰ (халықаралық еңбек ұйымы) анықтамасы;

Оқу модулі (модульдік оқу бірлігі)-болашақ біліктіліктің нақты дағдыларын білуді және орындалуын қамтамасыз ететін бір оқу модулі (пән) аясындағы оқыту мазмұны бөлімдерінің(тақырыптарының) жиынтығы;

Біліктілік-алынған мамандық бойынша белгілі бір қызмет түрін алушылардың оқу пәндерінің (модульдерінің), іс-тәжірибелердің және оқу әрекетінің өзге түрлері тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбек сыйымдылығын) реттемелейтін құжат;

Оқытуды ұйымдастырудың модульдік тәсілі оқу орындарына білім алушы өзінің лқуын өзі басқара алатын және басқара алатын оқу процесін ұйымдастыру барысында қажетті біліктілікті алу үшін кәсіптік модульдерді таңдауға жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушы өзінің оқуы үшін, ал одан әрі –өзінің кәсіби өсуі мен мансабы үшін жауапкершілік алуға үйретеді. Міндетті және кәсіби модульдердің белгілі бір санын зерделеп, таңдау бойынша қосымша модульдерді таңдап, студенттер бір деңгейден екіншісіне өту үшін дайын болады. Таңдау бойынша қосымша модульдерді оқу студенттерге өздері таңдаған кәсіби қызығушылық саласына көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Оқу бағдарлама бойынша оқу процесін ұйымдастырудың міндетті параметрлеріне:

  • Екі деңгей бойынша оқытуды ұйымдастыру;
  • Оқытушылар мен студенттердің модульдер мен білікьілік түрлерін таңдаудағы ұтқырлығы;
  • Білім саласын бағалау критерийлері мен оқыту нәтижелері арқылы бақылау;

Ұсынымдық параметрлерге:

  • Студенттерді оқу үрдісіне белсенді тарту;
  • Өмір бойы оқыту принципін қамтамасыз ету.

Білім беру бағдарламасын әзірлеу кезінде ҚР заңнамалық және нормативтік құқықтық құжаттарының мазмұнын анықтауғақатысты негізгі ережелері қолданылады:

  • «Білім туралы» ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ Заңы»;
  • «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 қаулысымен бекітілген;
  • ҚР Білім және ғылым министрінің «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 23 шілдедегі №362 бұйрығы;
  • ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың «2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1050 қаулысымен бекітілген);
  • ҚР Білім және ғылым министрінің 27.07.2015 жылғы №488 бұйрығымен бекітілген оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі;
  • «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгеістер мен толықтырулар енгізу туралы (ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы №265 бұйрығы).
  • «Техникалық және кәсіптік , орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту туралы» Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №157 бұйрығы.

Білім беру бағдарламасын әзірлеушілер келесі материалдарды пайдаланды:

  • «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары» ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 06 сәуірдегі №130 бұйрығы.
  • 2021-2022 оқу жылының басына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік ұсінімдар.
  • ТЕхникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде жұмыс оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларын рәсімдеу және әзірлеу бойынша; оқу сабақтарының кестесін құру бойынша әдістемелік ұсынымдар (модульдік оқыту кезінде); ТжҚБ оқу орындарының перспективалық-тақырыптық және сабақ жоспарларын жобалау бойынша; техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу өндірісін дамыту жоспарын әзірлеу бойынша (модульдік оқыту кезінде) (хаттама №2 ғылыми-әдістемлік кеңес КАҚ «Кәсіпқор» Холдингі КЕАҚ).

«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекетітк жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Білім және ғылым минситрінің м.а 2021 жылғы 23 шілдедегі №362 бұйрығына және «Техниклық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышы туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі №500 бұйрығын, ҚР «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы орынбасарының 30.12.2019 жю269 бұйрығының  №46 қосымшасын негізге ала отырып жасақталды.

ҚР Білім және ғылым министрінің м.а 2021 жылғы 21 шілде №354 бұйрығына, «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлігілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша және академиялық еркіндікті ескере отырып. ҚР Білім  және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы. ҚР Білім  және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы №553 бұйрығы «Талап» КЕАҚ сайтында орналастырылған «НҚА жоба 2021» үлгілік оқу жоспарлары 227, 228 қосымшалары негізінде жасалынды, жұмыс беруші жеке кәсіпкер талаптарын ескере отырып, колледж директорымен бекітілді. Жұмыс оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім берудің коды мен бейінін, біліктілігін, базасын, нысаны менн нормативтік мерзімін көрсетеді. Жұмыс оқу жоспары оқу пәндерінің (модульдердің) тізімін, көлемін, мамандықтарға, біліктілігне сәйкес оқыту тәртібі мен бақылау түрлерін, техникалық және кәсіптік білім беру орындарындағы оқу мерзімін мемлекеттік деңгейде белгілейтін негізгі құжаттың бірі болып табылатын және білім беру бағдарламасының жалпы бағытын, көлемі мен негізгі мазмұнын айқындайды.

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР:

Еркимбаева Айгерим Марсовна – директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, арнайы пәндер оқытушысы;

Ахмедов Ақжігіт Оңашаевич – директордың оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары, арнайы пәндер оқытушысы;

А.Ө.Сахимов – «Каскор-Транссервис» АҚ Өндіріс және тасымалдау бөлімшесінің басшысы

Мазмұны:

  • Білім беру бағдарламасына түсіндірме жазба;
  • Қысқартулар мен белгілеулер тізімі;
  • Функционалдық талдау;
  • Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;
  • Білім беру бағдарламасының құрылымы;
  • Білім беру бағдарламасының (модульдердің) мазмұны;
  • Оқу жоспары;
  • Ұсынылатын жабдықтар тізімі;
  • Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

ББ мамандық пен біліктілігіне сәйкес жасақталады. Колледждің лицензиясына сәйкес төмендегі мамандықтар бойынша ББ жасақталды:

  • 04130200 – Логистика (салалар бойынша). Біліктілігі: 3W04130201 – Операциялық логист;
  • 07140700 – Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты  басқару.     Біліктілігі:   3W07140702   Сигнал  беру,  орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларына қызмет көрсету  және жөндеу    жөніндегі  электромонтер;    4S07140703 – Техник-электромеханик;
  • 07151100 – Машиналар мен жабдықтарды пайдалану (өнеркәсіп салалары бойынша). Біліктілігі: 4S07151102 – Техник-механик;
  • 07160500 – Темір-жолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету.   Біліктілігі: 3W07160501 – Локомотив машинисының  көмекшісі (түрлері бойынша);   3W07160502 – Локомотивті жөндеу жөніндегі  слесарі (түрлері бойынша);  4S07160503 – Техник-электромеханик;
  • 07160600 – Темір жолдың вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету . Біліктілігі: 4S07160603 Техник-электромеханик;
  • 07161300 – Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану . Біліктілігі: 3W07161301 Автомобиль жөндеу слесарі; 4S07161304  Техник-механик;
  • 07320800 – Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы . Біліктілігі: 3W07320801 Темір жолдарды ағымдағы күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі шебері;   3W07320802 – Дефектоскопты арбалар операторы;   4S07320803 -Техник-жолшы, құрылысшы;
  • 10410200 – Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару   Біліктілігі: 3W10410201 – 4-ші және 5-ші кластардың темір жол стансасының кезекшісі;   4S10410205 – Тасымалдауды ұйымдастырушы технигі;
  • 10410400 – Жол қозғалысын ұйымдастыру . Біліктілігі: 3W10410401 – Жол инспекторы; 4S10410402 – Техник

 

Skip to content