Дуалды білім беру
Дуалды оқыту – білім беру ұйымдарында өндірістік оқытудың және кәсіпорында (ұйымда) кәсіптік тәжірибенің міндетті кезеңдерімен жұмыс орындарын ұсынумен және білім алушыларға кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде өтемдік төлеммен білім беруді үйлестіретін кадрларды даярлау нысаны.
Бұл жүйе екі бағыт бойынша — теориялық және тәжірибелік — маманды дайындауды көздейді. Оқыту уақытының 3/1-і колледжде базалық білім алады, ал 3/2 — білім беру кәсіпорнында іс жүзінде маңызды білім алады.
Басты мақсаты — өндірісте базалық жұмыс дағдылары қалыптасқан білікті және сауатты түлекті дайындау, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде әзірлеу. Басқаша айтқанда, алғашқы күннен бастап жұмысқа қосылып, оны жоғары кәсіби деңгейде орындайтын маман дайындау. Сонымен қатар, дуалды білім беру Қазақстанның жұмыс берушілерінен белгілі бір дағдылар мен білімі бар мамандарға тапсырыс қалыптастыруды көздейді.
Бүгінгі таңда «М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі» ЖШС дуалды білім беру бағдарламасымен оқытып келеді. Осыған байланысты,
10410400 — «Жол қозғалысын ұйымдастыру мамандығы бойынша 23 студент
12-студент: «ҰЖАСО» ШЖҚ РМК мекемесінде
11-студент: «BEKTRANS LTD» ЖШС мекемесінде
07160500 — «Темір жолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша 25 студент
12-студент: «Каскор-Транссервис» мекемесінде
13-студент: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы-«Батыс» мекемесінде
07140400 – «Автоматика, телемеханика және темір жол көлігінде қозғалысты басқару» мамандығы бойынша 25 студент
12-студент: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы-«Батыс» мекемесінде келісім шарты
13-студент: «ҚТЖ» ҰҚ АҚ филиалы «Маңғыстау магистральді желі бөлімшесі» мекемесінде келісім шарты
07161300 — «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша 25 студент
13-студент: «КазМоторСервис» ЖШС мекемесінде келісім шарты
12-студент: «Вираж-Сервис Казахстан» ЖШС мекемесінде келісім шарты
07140400 – «Автоматика, телемеханика және темір жол көлігінде қозғалысты басқару» мамандығы бойынша 24 студент
24-студент: «ҚТЖ» ҰҚ АҚ филиалы «Маңғыстау магистральді желі бөлімшесі» мекемесінде
07161300 — «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша 25 студент
12- «Вираж-Сервис Казахстан» ЖШС, 13- «КазМоторСервис» ЖШС мекемесінде «Техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастыру үшін дуальдік оқыту жүйесімен» оқытылып келеді.