Select Page

Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білімді дамыту орталығы ұйымдастыруымен өткен «Volon Puzzle day» тақырыбындағы облыстық байқау жоғары деңгейде өтті.

Байқауға облыс көлемінен 14 колледж қатысып, білімдері мен тапқырлықтарын сынға салды.

Тартысты дода нәтижесінде II орынға Ақтау ALT көлік колледжінің «Сапар серігі» командасы ие болды.

Команда мүшелері ұйымшылдық пен білімнің, шапшаңдық пен логиканың үйлесімін көрсете білді.

Skip to content