Select Page

7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай,  І курс студенттері арасында «Жауынгерлік дайындық – ел қауіпсіздігі» атты әскери-патриоттық сайыс өтті.

Сайыс барысында студенттер саптық дайындық, эстафеталық кезең, теориялық білім, медициналық көмек көрсету және басқа да бағыттар бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

Қатысушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық, жылдамдық, тапқырлық және отансүйгіштік қасиеттерін дәлелдеді.

Әскери-патриоттық сайыс қорытындысы бойынша:

 І орын – ЭиР 9/25-01 тобы

 ІІ орын – ОДД 9/25-01 тобы

 ІІІ орын – Р-ТОРА 9/25-01 тобы

Осындай шаралар жастардың патриоттық рухын көтеріп, елге деген сүйіспеншілігін арттырады.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз  және жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Skip to content