Select Page

Колледжімізде «WorldSkillsAktau-2026» өңірлік чемпионатының колледжішілік кезеңінің жабылу салтанаты ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.

Байқау барысында қатысушылар өз мамандықтары бойынша теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсетіп, түрлі құзыреттіліктер бойынша бақ сынады. Әрбір қатысушы кәсіби дайындық деңгейін дәлелдеп, шығармашылық қабілеті мен шеберлігін танытты. Сарапшылар жұмысты әділ бағалап, үздіктерді анықтады.

Аталған кезеңнің жеңімпаздары алдағы «WorldSkillsAktau-2026» өңірлік чемпионатында колледж намысын қорғайтын болады. Бұл байқау білім алушыларға үлкен тәжірибе сыйлап, болашақ кәсіби жетістіктеріне жол ашты.

Чемпионаттың колледжішілік кезеңі – сапалы білім мен білікті маман даярлаудың нақты көрінісі.

Skip to content