Ақтау ALT көлік колледжі ұйымдастыруымен, 5-қазан «Ұстаздар күні» мерекесіне орай, ALT мектеп лицейімен бірге, ұстаздар арасында «QUIZ» зияткерлік ойыны өткізілді.
Мақсаты: Ұстаздар қауымының білім деңгейін, зияткерлік қабілетін, тапқырлығын көрсетуге мүмкіндік беру, ұжымішілік қарым-қатынасты нығайту, кәсіби мерекені ерекше форматта атап өту арқылы мұғалімдердің көңіл күйін көтеру және олардың еңбегіне құрмет білдіру.

«QUIZ» зияткерлік ойынына 4 команда қатысты. «SMART BRAINS», «NOMAD», «GALAXY6», «THINK WIN»

Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша:
🏆 Бас жүлде – «SMART BRAINS» командасына бұйырды
🥇 І орын «GALAXY6» командасы
🥈 ІІ орын «NOMAD» командасы
🥉 ІІІ орын «THINK WIN» командасы

Барлық жеңімпаз командалар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Skip to content