Ақтау ALT көлік колледжінде, Ақтау қаласы Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен студенттерге «ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясат» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуде дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығының теолог маманы Газимов Нұрлан Қалдыбайұлы қатысып, колледж студенттеріне дәстүрлі дініміздің ерекшеліктері, дін мен дәстүрдің байланысы және теріс ағымдар туралы кеңінен ақпарат беріп, кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.