Кеңес барысында жұмысшы мамандықтарын дамыту, өнеркәсіп, цифрландыру, көлік және логистика, аграрлық сектор мен энергетика салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
ALT колледжінің директоры Бертаев Нұржан Дүйсенбаевич кеңес жұмысына қатысып, білім мен өндіріс арасындағы байланыс, заманауи кадрлар даярлау және кәсіби серіктестік мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
Бұл шара екі ел арасындағы кәсіпкерлік және білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік берді.