Pizza Pitch стартаптар байқауы сәтті өтті.
Mangystau Hub алаңында жас кәсіпкерлер мен тың идея иелерін біріктірген Pizza Pitch стартаптар байқауы өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар өз жобаларын таныстырып, сарапшылардан құнды пікірлер мен ұсыныстар алды. Сонымен қатар, қатысушылар тәжірибе алмасып, жаңа серіктестік байланыстар орнатуға мүмкіндік алды.
Байқау қорытындысы бойынша үздік жобалар анықталып, жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.
І орын — Орынбасаров Нұрсұлтан Парахатұлы. Қатысушы өз жобасын жоғары деңгейде таныстырып, сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. Жеңімпазға 150 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.