Жоспарға сәйкес колледж қызметкерлері мен студенттердің қатысуымен колледж ғимаратында өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында өрт кезіндегі іс-қимыл алгоритмі түсіндіріліп, эвакуациялау тәртібі пысықталды.
Аталған іс-шараның мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау деңгейін арттыру.