«Облыстық техникалық және кәсіптік білімді дамыту орталығы» ұйымдастыруымен колледждерге медиация жобасын енгізу бойынша облыстық семинар өтті.
Семинар аясында колледж психологы М.А. Сураншиева «Қарым-қатынасты нығайтуға арналған» тренинг жаттығуын өткізіп, қатысушылардың өзара байланысын арттыруға бағытталған тиімді әдістермен бөлісті.
Шара барысында тәжірибелік тапсырмалар орындалып, қатысушылар белсенділік танытты. Семинар жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.