2026 жылғы 13 сәуір күні М.Тынышбаев атындағы Ақтау ALT көлік колледжінде
«Дропперлер: Қылмыскер ме, әлде алаяқтықтың құрбаны ма?» тақырыбында облыстық дебат өтті.
Дебатқа облыс бойынша 10 колледж қатысып, өзара тартысты пікірталас жүргізді.
Төрешілер шешімі бойынша жеңімпаздар анықталды:
І орын — «Әділет» командасы
(«Асмет Ұлас» жоғары педагогикалық колледжі)
ІІ орын — «Ақиқат» командасы
(Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжі)
ІІІ орын — «Ашық ой» командасы
(Қарақия кәсіптік колледжі)
Барлық қатысушы командалар ҚР Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің арнайы сертификаттарымен марапатталды.
Барша қатысушыларды құттықтаймыз! Жастардың сыни ойлауы мен белсенділігі арта берсін!