Ақтау ALT көлік колледжінде, Маңғыстау облысы ПД ЕҚҚІҚБ жедел уәкілі полиция капитаны: А.Зиноллин қатысуымен «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында студенттерге ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында қатысушыларға нашақорлықтың адам денсаулығына, психологиясына және қоғамға тигізетін зияны туралы кеңінен мағлұмат берілді. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндіріліп, алдын алу жолдары туралы ақпарат ұсынылды.
