Халқымыздың көрнекті жазушысы, өлкеміздің біртуар азаматы Әбіш Кекілбайұлының туғанына 85 жыл толуына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құрмантаева Кәмшаттың ұйымдастыруымен ОПЖД 9/24-01 тобымен Әбіш Кекілбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасалды.
Экскурсия мақсаты — жазушының өмірбаяны және шығармашылығымен етене танысу, танымдық білімін арттыру, мәдени көзқарасын қалыптастыру. Экскурсия барысында студенттер тек жазушыға арналған бөлімнен бөлек мұражайдың өзге бөлімдерімен танысты.