Бүгін болашақ талапкерлер үшін маңызды әрі мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Семинар барысында мамандық таңдаудың қыр-сыры, грантқа түсу стратегиясы және еңбек нарығындағы сұранысқа ие бағыттар кеңінен талқыланды.
Спикер:
Омарбек Көшкімбайұлы – тәжірибелі педагог-профориентолог, экс-қабылдау комиссиясының төрағасы, GRANT EXPERT, мотиватор.
Кездесуге сондай-ақ М.Тынышбаев атындағы университет мамандары қатысып, талапкерлерге оқу бағдарламалары, білім беру мүмкіндіктері және болашақ кәсіби даму бағыттары туралы құнды ақпарат берді.
Кездесу оқушыларға саналы шешім қабылдауға, ал ата-аналарға дұрыс бағыт беруге үлкен мүмкіндік болды.