Колледжіміздің студенттері
Маңғыстау облысы Маңғыстау жергілікті бастамасы орталығымен “Ер жігіт -ел қорғаны” атты ұйымдастырылған шараға Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25744 әскери бөлімі базасында, жастарға патриоттық тәрбиеге бағыттау мақсатында, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы — Б. М. Каленовпен бірге 3 күндік жиынға қатысуда.
Бұл жиынға қатысу барысында студенттеріміз “Атыс даийындығы”, “ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары”,
“Саптық даиындық”, “Әскери топография” тактикаларды жіті меңгеріп, Пеинтболл клубтарының ұйымдастырумен өтетін командалар арасындағы сайыстарға қатысады.
Осы іс-шара негізінде студенттеріміз жоғары психологиялық төзімділігін, жағдайдың кез келген шарттарында күрделі және жауапты міндеттерді орындауға әзірлігін, әскери және мемлекеттік қызметтің басқа да түрлерінің қиындықтары мен шектеулерін еңсеру, тіршілік етуге қажетті аса маңызды психологиялық қасиеттерді қалыптастырады.