Колледжімізде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында маңызды кездесу өтті.
Ақтау қалалық жастар орталығының дін мәселелері бойынша бөлімінің дінтанушы маманы Сәрсенбиев Серікхан Абуханұлы студенттермен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жастарға діннің шынайы құндылықтары, радикалды ағымдардың қауіптілігі және олардың алдын алу жолдары туралы кеңінен ақпарат берілді.
Студенттер өз сұрақтарын қойып, маңызды тақырыптар төңірегінде пікір алмасты.