Select Page

«Кәсіби бағыт-бағдар: болашаққа дұрыс қадам» атты таныстыру шарасы аясында колледжде ашық есік күні ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға мектептердің 9-сынып оқушылары қатысты. Шараның негізгі мақсаты – оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру, колледждің тыныс-тіршілігімен таныстыру және болашақ мамандықтарына қызығушылықтарын арттыру болды.

Іс-шара барысында оқушыларға оқу орны туралы толық ақпарат беріліп, әртүрлі мамандықтар таныстырылды. Сонымен қатар, арнайы кабинеттер мен шеберханалар көрсетіліп, тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылды.

Ашық есік күні оқушылар үшін мазмұнды әрі пайдалы өтті, олар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандықтары туралы тың мәліметтермен танысты.

Skip to content