Select Page

Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын дамыту орталығының мамандарының қатысуымен ақпараттық кездесу өткізілді.

Іс-шараға эпидемиолог дәрігер С.З. Зұлхожаев және дәрігер З.А. Қосаева арнайы шақырылып, ЖИТС-ке қарсы маңызды мәліметтермен бөлісті.

Кездесу барысында мамандар ЖИТС/АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары, ерте диагностикалаудың маңызы, сондай-ақ қоғамда қалыптасқан қате түсініктер туралы кеңінен түсіндірді. Қатысушылар мамандарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Кездесудің мақсаты:

Қоғам арасында АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс ақпарат тарату, жастардың санитарлық-гигиеналық және медициналық сауаттылығын арттыру, қауіпті індеттің алдын алу жолдарын түсіндіру және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру.

Skip to content