МОББ Ақтау қаласы бойынша №24ЖББМ КММ-сі ұйымдастыруымен, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында, Еңбек күніне және 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде «Әр мамандық – бір ғалам! » атты мамандықтар апталығы өткізілді.
Мамандықтар апталығы аясында түрлі форматтағы іс-шаралар: кәсіби шеберлік байқаулары, мамандықтар жәрмеңкесі, кездесулер ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ақтау ALT көлік колледжі мамандары қатысып, өз мамандықтарының ерекшеліктерін таныстырды, практикалық дағдыларын көрсетті және еңбекке деген оң көзқарастарын білдірді. Сонымен қатар, студенттерге адал еңбек ету, кәсіби жауапкершілік және жұмысшы мамандықтарының болашағы туралы кеңінен ақпарат берілді.