Дуалды білім беру
Дуалды оқыту – білім беру ұйымдарында өндірістік оқытудың және кәсіпорында (ұйымда) кәсіптік тәжірибенің міндетті кезеңдерімен жұмыс орындарын ұсынумен және білім алушыларға кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде өтемдік төлеммен білім беруді үйлестіретін кадрларды даярлау нысаны.
Бұл жүйе екі бағыт бойынша — теориялық және тәжірибелік — маманды дайындауды көздейді. Оқыту уақытының 3/1-і колледжде базалық білім алады, ал 3/2 — білім беру кәсіпорнында іс жүзінде маңызды білім алады.
Басты мақсаты — өндірісте базалық жұмыс дағдылары қалыптасқан білікті және сауатты түлекті дайындау, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде әзірлеу. Басқаша айтқанда, алғашқы күннен бастап жұмысқа қосылып, оны жоғары кәсіби деңгейде орындайтын маман дайындау. Сонымен қатар, дуалды білім беру Қазақстанның жұмыс берушілерінен белгілі бір дағдылар мен білімі бар мамандарға тапсырыс қалыптастыруды көздейді.