Колледжімізге Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, Халықаралық Қазақстан педагогикалық және Ресей педагогикалық академияларының кандидаты, тарих ғылымдарының докторы: Озғанбаев Өмірзақ Озғанбайұлы арнайы келіп, студенттермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ғалым Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы аясындағы ғылыми қызметі, отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері, педагогикалық білім берудің дамуы және жас ұрпақтың ғылымға қызығушылығын арттыру жолдары туралы мазмұнды баяндама жасады.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ғылым жолындағы ізденіс, зерттеу жүргізудің маңызы мен болашақ маман ретінде қалыптасу жайында құнды кеңестер алды. Кездесу жас буынға үлкен мотивация беріп, танымдық әрі тәрбиелік мәнге ие болды.