Select Page
Жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен тәрбиесін нығайтуға белсенді атсалысқан ата-аналарға құрмет көрсету мақсатында арнайы алғыс хат табысталды. Қоғамдық жұмысқа жауапкершілікпен қарап, жас буынның дұрыс бағытта дамуына тұрақты қолдау көрсетіп жүрген ата-аналар комитетінің төрайымы Жазығ Халдыбайқызы Бекиева білім беру ұйымы тарапынан ерекше құрметке ие болды.
Алғыс хатты Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы Амантай Құмбаев табыстап, ата-аналар комитетінің жасөспірімдердің тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады.
Оның колледж – ата-ана – оқушы арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған еңбегі оқу орнының тәрбие процесінде маңызды рөл атқарады.
Skip to content