Ақтөбе қаласында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында темір жол көлігі саласы бойынша өткен республикалық кәсіби шеберлік конкурсында біздің колледждің арнайы пән оқытушылары үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып оралды.
Бұл байқау темір жол саласындағы заманауи білім беру әдістерін, инновациялық тәжірибелерді және педагогтердің кәсіби құзіреттілігін анықтауға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады. Байқау барысында қатысушылар өз пәні бойынша теориялық және практикалық дайындық деңгейін, сабақ беру әдістемесін, сондай-ақ жаңа технологияларды меңгеру деңгейін тағы да асқақтатты.
Колледжіміздің арнайы пән оқытушылары жоғары кәсібилігімен, шығармашылық көзқарасымен және заман талабына сай педагогикалық шеберлігімен ерекшеленіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Олар білім беру саласындағы үздік тәжірибелерін көрсетіп қана қоймай, әріптестер арасында колледжіміздің абыройын тағы да асқақтатты.
ІІІ орын “Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару” құзіретілігі бойынша жеңімпаз Аймкулова Алма Ещановна
“Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы” құзіретілігі бойынша Алғыс хатпен Серікбаева Аида Берікқызы марапатталды.
Жеңімпаз оқытушыларды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да кәсіби мерейі үстем болып, жаңа жетістіктерге жете беруін тілейміз!