Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған пікірсайыс турнирі өтті
Ұлы ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай колледжде пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.
Турнир барысында қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, шешендік өнер мен сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін көрсетті. Іс-шараның мақсаты — жастар арасында Абай мұрасын дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және ой еркіндігін дамыту болды.
Нәтижелер:
І орын – Логистика 9/25-01 және ОПЖД 9/25-01 топтары
ІІ орын – ОПЖД 9/25-02 тобы
ІІІ орын – ЭиР 9/25-01 тобы
Ынталандыру – Р/ТОРА 9/25-02 тобы