Select Page

Қазақстан Республикасының Президенті 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызын атап өтті. Осы бастаманы қолдау мақсатында елімізде түрлі кәсіби бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – 2025 жылы Ақтау қаласында TurkicSkills 2025 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті.

Аталған чемпионат аясында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы үздік тәжірибелерді талқылау, мамандар арасында өзара байланыс орнату мақсатында арнайы кездесулер мен форумдар өткізілуде. Бұл шараға Маңғыстау облысымен қатар Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарынан келген 50-ге жуық колледж басшыларының орынбасарлары, арнайы пән оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

TurkicSkills 2025 шеңберінде білім беру саласындағы тәжірибе алмасудың жарқын үлгісі ретінде, «Қарағанды теміржол колледжі» МКҚК директорының орынбасары Б.Қ. Шалғынбаев арнайы іссапармен келіп, өндірістік оқытуды ұйымдастыру, оқу-өндірістік үрдістегі жаңашыл әдістер және колледждегі білім сапасын арттыру бағытында ой бөлісті. Кездесу барысында қатысушылар арасында кәсіби пікір алмасу мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған мазмұнды сұхбаттар өтті.

Skip to content